2010 жылдың 24 қарашасынан
бастап іске қосылды
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық БАҚ
  • Блогтар
  • Iздеу
  • Қытай қазақтары
  • 25 Сәуір 2013, 11:53 1977 1 Қытай қазақтары

    Қытайда Қазақ фото сайты ашылды (ФОТО)

    Үрімжі. 25 сәуір. BAQ.KZ – Қытайда Қазақ фото сайты дүниеге келді. Қазақ өмірі мен дәстүрін, мәдениетін фото өнері арқылы әлемге таныту және қазақ фотографтарының туындыларын ғаламтор көмегімен көпшілікке көрсету мақсатында жұмысын бастаған www.kzpoto.com сайты Қытайдағы белгілі фотограф Серік Мұқышұлының бастамасымен ашылды.  

    Сайттың ашылуына орай Шыңжаңның Алтай қаласында алқалы жиын өтіп, Қытайдағы қазақ фотографтары бас қосты. Қазақ фото өнерінің бүгіні мен ертеңі талқыға түскен бас қосуда www.kzpoto.com сайтының тұсауы кесілді.

    Серік Мұқышұлының айтуынша, Қытайдағы Қазақ фотографтары күні әр жылы сәуір айының алғашқы аптасында тойланады екен. «Біз Қазақ фото өнерін дамыту жұмысы аясында 2011 жылы тұңғыш рет қазақ фотографтарына арналған оқу курсын аштық. Мерекені 2012 жылы 8 сәуірде Қазақ фотографтарының көргізбесін өткізуден бастағанбыз. Биылғы жылы Қазақ фото сайтын ашып отырмыз. Бұл Қытай қазақтары арасында құрылған тұңғыш фото сайты. Біз бұдан бұрын ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін көрсететін фотоларды тек қана басылымдар арқылы ғана таныстырып келгенбіз. Осы сайтты ашу арқылы қазақ өмірін бейнелейтін суреттерді және жалт еткен жаңалық пен көркем өмірдің картинасын қас-қағым сәтте аппарт көзіне түсіріп үлгеретін, оны көркемдік өреге көтеру үшін тау асып, тас басып жүретін қазақ фотографтарының өнерін бүкіл әлемге ғаламтор арқылы танытпақшымыз. Ғаламтордың ғаламатын фото өнерінде пайдалануымыз басқа елде тұратын қандастарымызбен де тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызады деп сенемін»,-дейді Серік Мұқышұлы Қытайдағы қазақ журналистерге берген сұхбатында.


    Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

    Суреттер Kzpoto.com сайтынан алынды

     

     



    Пікірді қалдыру



      Заполните все поля или авторизуйтесь
      Сіздің пікіріңіз қосылды және модератор тексергеннен кейін сайтқа шығады
      Аты: E-mail:

      Ең көп қаралғандар