2010 жылдың 24 қарашасынан
бастап іске қосылды
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық БАҚ
  • Блогтар
  • Iздеу
  • Қоғам
05 Қараша 2012, 18:16   1556    0 Қоғам

Тұңғыш Президент Күні қарсаңында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі

АСТАНА. 5 қараша. BAQ.KZ - Тұңғыш Президент Күні мерекесіне әзірлік аясында Астана қаласының әкімдігі ең қажетті азық-түліктер салынған себеттер дайындауда, деп жазады astana.kz. сайты.

Тұңғыш Президент Күні мерекесіне әзірлік аясында қала әкімдігі ең қажетті азық-түліктер салынған 1000 себет дайындауда. Сыйлықтың толық тізімі жасақталуда, дегенмен, қазір нақты белгілі болғаны, себетке бір мөшек картоп, бір мөшек пияз, 5 литр күнбағыс майы салынады.

Сыйлықтар үй-үйге жеткізіліп, мұқтаж адамның өз қолына беріледі, - деп хабарлайды Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Биыл елімізде Тұңғыш Президент күні мерекесі алғаш рет тойланады. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты  осындай шешім қабылдаған болатын.



Кілт сөздер:

Пікірді қалдыру



    Заполните все поля или авторизуйтесь
    Сіздің пікіріңіз қосылды және модератор тексергеннен кейін сайтқа шығады
    Аты: E-mail:

    Соңғы жаңалықтар