Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль алды

6 Шілде 2019, 10:11
1486
Бөлісу:
Азия чемпионаты: Қазақстандықтар үш медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қырғызстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

65 келідегі Дінмұхаммед Қошқаров финалда ирандық Резе Хожатқа есе жіберіп, күміс медаль еншіледі.

Өкінішке қарай, 71 келідегі Денис Пилипенко қола үшін өткен күресте өзбекстандық спортшыға есе жіберді.

Қыздар арасында сынға түскен Алтын Шағаева финалда жапондық Мако Унодан ұтылып, «күмісті» қанағат тұтты.

Өзгелердің жаңалығы