Қарағанды облысында белсендірілген көмір шығарылады

19 Шілде 2019, 23:55
1899
Бөлісу:
Қарағанды облысында белсендірілген көмір шығарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы «Шұбаркөлкөмір» кәсіпорнында кокс үгінділерінен жасалған белсендірілген көмір шығарылатын болады.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір жабдық толығымен құрастырылған. Әзірге жөндеу-реттеу жұмыстары жүргізілуде 

Жаңа өндіріс қалай жұмыс істейтіні туралы кәсіпорын мамандары Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановқа  зауытқа жұмыс сапары барысында айтып берді. 

Кокс ұнтақтарынан белсендірілген көмір өндіру қондырғысы жақын арада жолға қойылып, іске қосуға дайын болады. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірісті сертификаттау процесі басталады. 
Алдын ала мәліметтер бойынша, дайын өнімнің 80%-ын ішкі қазақстандық нарыққа жөнелтетін болады. 

"Отандық өнімнің бағасы айтарлықтай төмен, ал сапасы жақсы болады", - деп түсіндірді «Шұбаркөл Көмір» АҚ кокс химиялық цехының директоры Сабыржан Иманбаев.

Белсендірілген көмір кәріздік суларды тазарту үшін қолданылады. Сондай-ақ бағалы металдар өндірісінде, атап айтқанда алтынды сілтілеу кезінде пайдаланылады. 

"Біз болашаққа сеніммен қараймыз, себебі жаңа өндірісті іске қосу сатысында тұрмыз. Әлеуетті тұтынушылармен байланыс орнатудамыз. Сондай-ақ, өндіріс қуаты 400 мың тонна жаңа кокс-химия зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Ол қауіпсіздік, автоматтандыру, экология жағынан заманауи болады. Бұл жоба 2023 жылы жүзеге асырылады. Оны іске қосқаннан кейін біз қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуға тоқтатамыз. Біз қазір жобалауды аяқтау барысындамыз", - деді Сабыржан Иманбаев. 

Ерлан Қошанов сондай-ақ өнеркәсіпшілермен жұмыс кадрларымен қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады. Өңір басшысы кәсіпорын әкімшілігіне облыс колледждерінің бірін сенімді басқаруға алуды ұсынды. 

"Өздеріңізге қажетті мамандықтар бойынша түлектерді дайындаңыздар. Біз қазір жұмысшы мамандықтарға оқыту тәсілін өзгертеміз. Мамандық атласын құрып, одан барлық сұранысқа ие болмаған мамандықтарды алып тастадық. Оқытушыларды шақырамыз және қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланамыз. Колледждерде жұмыс берушілер-ірі кәсіпорындарға қажетті мамандарды оқыту керек", - деп түсіндірді облыс әкімі. 

«Шұбаркөлкөмір» АҚ әкімшілігі бұл идеяны қолдады. Сабыржан Иманбаевтың айтуынша, қазір кәсіпорын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.
 
Өзгелердің жаңалығы