ШҚО-да алименттен жалтарғандар 128 млн теңге қарыз

24 Шілде 2019, 10:48
1811
Бөлісу:
ШҚО-да алименттен жалтарғандар 128 млн теңге қарыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да алименттен жалтарушылар көбейді. Прокуратураның соңғы 6 айға арналған мәліметіне сенсек, борышкердің барлығы жиылып 128 миллион теңге көлемінде алимент төлеуі керек. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Мекеменің іздестіруімен олардың 8-і – әкімшілік, 15-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 157 борышкер жұмысқа орналастырылған. Ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 190.

Алдағы уақытта оларға арнап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілетінін айтады аталмыш мекеменің қызметкері.

Өзгелердің жаңалығы