2010 жылдың 24 қарашасынан
бастап іске қосылды
Жаңалықтар
  • Жаңалықтар
  • Аймақтық БАҚ
  • Блогтар
  • Iздеу
  • Руханият қайнары
31 Наурыз 2013, 18:17   1874    2 Руханият қайнары

Биыл классик жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы

АСТАНА. 31 наурыз. BAQ.KZ - Шығыс Қазақстанда көрнекті жазушы, суреткер Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шара басталды. Бұл туралы 24 kz телеарнасы хабарлады. 

Облыстық өнер мұражайында «Оралхан Бөкейді қайта оқимыз» атты кеш өтті. Оған белгілі әдебиеттанушылар, ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты. Кеш барысында жазушының өмірбаянынан қысқа, бірақ тың жаңалықтар топтастырылған шағын деректі фильм көрсетілді.

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің классик жазушысы. Ғафу Қайырбеков «ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист» екендігін айтқан. Биыл жазушының 70 жылдық мерейтойы Алтайда ауқымды түрде аталып өтеді.

Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ, ШҚО Өнер мұражайының маманы:

- Бейне баспа арқылы жазушы өмірінің кейбір жабық тұстарын көрермендерге жеткіздік. Оралханның жұмысқа қалай орналасуы, оның Алматыға барғандығы, шығармасын қалай бастырғаны туралы түсірдік.

Әдеби басқосуда Оралхан жайлы естеліктер айтылды. Ақындық қыры жайлы әңгімеленіп, өлеңдері оқылды. Кітапханадағы бар-жоқ шығармалары оқырман назарына ұсынылды. Ал Оралханның досы Мүсілім ақсақал жазушының туған ауылындағы ескерткіштің қаламгерге мүлдем ұқсамайтындығын айтып қынжылды.

Мүсілім ҚҰМАРБЕКҰЛЫ, жазушының досы:

- Жасалған мүсіннің түрі Оралханға ұқсамайды. Міне, 70 жылдығы келе жатыр, оның 60 жылдығында айтылған дүние енді, 10 жыл өтті сол он жылда қайта жасауға болатын еді.

Оралхан Бөкейдің шығармалары суретшілерге үлкен шабыт беретіндігі сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта жергілікті суретшілер оның туындыларынан алған әсерін қылқаламмен де жеткізетін болады.

Татьяна ШАРАБАРИНА, ШҚО Өнер мұражайы директорының орынбасары:

- Егер суреттер жаузышының жаңа писхолигялық қырын ашып жатса, онда әрине көрме өткіземіз. Біз тағы бір үлкен мерекелік кешті қырқүйек айында оның туған жерінде ұйымдастырамыз.

Биыл облыста Оралхан Бөкей жылы деп жарияланады. Ал алдағы күндері Семей мен Өскеменге жазушының мүсінін қою да жоспарлануда. 



24 kz

Пікірді қалдыру



    Заполните все поля или авторизуйтесь
    Сіздің пікіріңіз қосылды және модератор тексергеннен кейін сайтқа шығады
    Аты: E-mail:

    Соңғы жаңалықтар