Достық үйінде әлеуметтік жобалардың насихатталу мәселесі талқыланды

31 Шілде 2019, 18:31
1464
Бөлісу:
Достық үйінде әлеуметтік жобалардың насихатталу мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігі және «Астана Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі «Әлеуметтік желілерде әлеуметтік жобаларды насихаттау» қоғамдық дәрістер форматында дөңгелек үстел өткізді.

Достық үйінде әлеуметтік жобалардың насихатталу мәселесі талқыланды

«Тақырып өзекті. Бүгінде әлеуметтік желілер бүкіл әлем бойынша байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге мақсатты аудиторияны айтарлықтай кеңейтуге және онымен кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құралға айналуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік желілерде белсенді болуға және тұрғындармен тікелей және кері байланыс үшін тұрақты сайттар құруға шақырды», - деді «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов.

Әлеуметтік желілерде трансляция жүргізілді.

«Атамекен» ҰКП бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов бүгінде әлеуметтік желі қоғам пікірін қалыптасырушы құрал болып отырғанын айтты.

«Бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары мынадай топтарға бөлінеді: біреуі жәй оқиды, бірақ жауап бермейді, бірі «лайк» қойып, әсерімен бөлісе, енді бірі репост жасап, өзінің көзқарасын жариялайды. Осының арасында қоғамдық пікірді қалыптастыратындар бар. Олар – пікір көшбасшылары, бүгінде «блогерлер» деп аталады. Кейде бір ғана адамның өзі пікірлестерін жинап, қоғамдастықты құрады. Халық әлеуметтік желінің саяси мағынада Қазақстан имиджін қалыптастыратынын, әлеуметтік проблемаларды ашып көрсететін құрал екенін түсінеді. Әлеуметтік желілерде барлық мемлекеттік органның демократиялануы жүріп жатыр», - деді ол.

Дөңгелек үстелде Америка Құрама Штаттары мен Қырғызстанның журналистері онлайн байланыс арқылы шығып, ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, елордалық ҮЕҰ жетекшілері мен мүшелері пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы