Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

1 Тамыз 2019, 08:55
1745
Бөлісу:
Атырауда таеквондодан Қазақстан спартакиадасы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-4 тамыз аралығында Атырау қаласында таеквондодан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Елішілік турнирге 14 облыстан жалпы есебі 153 спортшы қатысуға өтінім берген. 

Жарысқа қатысушылар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов жоқ. Сондай-ақ, Жансель Дениз жарақатына байланысты турнирден сырт қалмақ. 

Гран-при жүлдегері Руслан Жапаров та жарыстан босатылды.

Ал жақында Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Смайыл Дүйсебай Атырау төрінде сынға түседі деп күтілуде. 


Өзгелердің жаңалығы