1 тамызға арналған ауа райы болжамы

1 Тамыз 2019, 08:10
1690
Бөлісу:
1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің жеті өңірінде аптап ыстық болады, сонымен қатар жел күшейіп, жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" МК-дан хабарлады.


«1 тамызда фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, еліміздің кей жеріңде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, батыста және солтүстік батыста қатты нөсер жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында күн райы ашық болады. Кей жерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі», - дейді синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде дауыл, түнде жел 15-20 м/с күндіз 15-20, кей жерінде 23-25 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде және таңертең түман түседі, күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20, күндіз 15-20 кей жерлерде 23-25 м/с күтіледі.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20, Ақмола облысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Алматы, Павлодар, күндіз Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі,

Павлодар облысында бұршақ, күндіз Қарағанды облысында дауыл, түнде Маңғыстау облысында тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы