x Басты бет Картасы RSS
uzor
golden_uzor

"Жақсы жаршысы" газеті

Облыстық жаңалықтар
USD 180.87
EUR 226.21
RUB 4.15
жаңалықтар
  • аймақтық БАҚ

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Қарап шығу: 828 Түсiнiктер: 0

    Уақыт желден жүйрік. Сынаптай сырғып күн артынан күн өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идея көтеріп, бастамашылық еткеніне де 20 жылдың жүзі болып қалды. Қазіргі таңда, Қазақстан халқы өз тарихында тұңғыш рет президент күнін атап өткелі отырғанда Елбасының бұл бастамасы тәуелсіздігімізді нығайту, елдің бірлігін сақтап, биік мақсаттарға бірге ұмтылу тұрғысынан қаншалықты маңызды бастама болғанын бағамдап, баға беруге болады.

      Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміз үшін ең қиын кезең саналған, елбасы халқымызды экономи-калық дағдарыстың қиыншылығынан алып шығып, ұлы бетбұрыстар жасауға ұмтылып жатқан 1995-жылы ақылдастық органы ретінде құрылды. Ал, Ассамблеяның Қазақстанның саяси және қоғамдық өмірінің толыққанды нысанына айналып, қазіргі конституциялық мәртебесіне ие болуы 2008-жылдың 20-қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңы қабылданғаннан кейін жүзеге асты.

      Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты мақсаты көпұлтты елімізде ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық-мемлекеттік біртұтастықты қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді негіз ете отырып, ұлттың бәсекелік қабілетін арттыру, қазақ халқының ел иесі ретінде өзгелерді айналасына ұйыстыру рөлін өзек ете отырып, барша қазақстандықтардың азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын қалыптастыру екені белгілі.

      Бұл мақсаттарды Ассамблеяның төрағасы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев анықтап берген болатын. Ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының 19-сессиясында «Ассамблея – біздің ұлттық игілігіміз» деді. Ол «қазақстандық толеранттылықты нығайту дегеніміз бірінші кезекте Қазақстан Халқы Ассамблеясын нығайтып, дамыту» екендігіне айрықша назар аударды.

Ассамблеяға:

   - мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ұлтаралық қатынас саласындағы тиімді әрекеттестігін қамтамасыз ету, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен толеранттылықты әрі қарай нығайтуға жайлы жағдай туғызу;

- халықтың бірлігін нығайту, қазақстандық қоға-мның басты құндылықтары бойынша қоғамдық келісім мен мәмілеге қолдау білдіру;

- Қазақстан халқының этникалық мәдениет-терін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғыртып, дамыту, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің ықпалдастығын қамтамасыз ету секілді міндеттер жүктелген.

   2008-жылы қабылданған Қазақстан Халқы Ассам-блеясының қызметін реттейтін заңда оның ұлтаралық қатынас саласындағы қызметінің басты бағыттары да айқындалып көрсетілген. Ол бағыттар мыналар:

- қоғамды ел иглігіне ұйыстырудың негізі ретінде қоғамдық тұрақтылықты нығайту;

- Қазақстандағы барша ұлттардың мәдениеттерін, тілдері мен дәстүрлерін жан-жақты дамыту;

- қазақ халқының мәдениеті мен мемлекеттік тілді өзек етіп ала отырып, еліміздегі барша ұлттарды біріктіру, жұдырықтай жұмылдыру арқылы ұлттық азаматтық біртұтастықты қалыптастыру.

       Ассамблеяның жоғарғы заң шығарушы органдағы депутаттары мен жергілікті мемлекеттік билік ор-гандарындағы өкілдері ассамблеяның мүддесін еліміздегі барша ұлттардың біріккен, біртұтас мүддесі ретінде қорғайды. Қазақстан халықтарының өкілдіктері олардың өкілетті органдарға тікелей қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Осының арқасында бүгінде барлық деңгейдегі мәслихаттарда Қазақстанды мекен етіп жатқан ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін 800-ден астам депутат қорғап отыр.

     Қазақстан Республикасының Парламентінде ҚХА депутаттарының қатысуымен арнайы депутаттық топ құрылып, ол тиімді жұмыс істеп жатыр. Депутаттық топ өкілдері заң жобаларын дайындап, оларды талқылауға, қабылдауға белсене атсалысып, еліміз үшін тағдырлы шешімдер қабылданатын игі істің бел ортасында жүр.

     Мемлекет басшысы шақыратын және оның төраға-лығымен өтетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясы ҚХА-сының жоғарғы басшылық органы болып табылады.

      Сессияның шешімдерінде көрініс тапқан мемлекеттік ұлттық саясат жөніндегі ұсыныстар мен нұсқаулар міндетті түрде мемлекеттік органдардың қарауына жатады. Ассамблеяның сессиясы ҚХА-сының ортамерзімді болашақтағы стратегиясын айқындаудағы концептуалды ұстанымдарды айқындайды. Ассамблея төрағасы ҚХА-сы кеңесінің ұсынысы бойынша этномәдени бірлестіктердің ішінен жыл сайын ауысып тұратын екі орынбасарын тағайындайды.

    Қазақстанда ҚХА-сының аясында түрлі деңгейдегі 800-ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның 28-і республикалық мәртебеге ие. Мұндай этномәдени бірлестіктер елімізде шоғырлана орналасқан 46 ұлт өкілінің басын қосады. Барлық ай-мақтарда достық үйлері жұмыс істеп тұр. Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайының өзі неге тұрады?! Алматыда Достық үйі – ұлтаралық қатынастар мәсе-лелерін зерттеу орталығы да табысты қызмет етуде. Ұлттық театрлар да жетіп артылады: орыс (14), ұйғыр, корей, неміс (ТМД аумағындағы бірден бір), өзбек театрлары, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерге арналған мұражайлар мен көрме залдары да бар. 100-ден астам мектепте Қазақстандағы ұлттардың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. 200-ге жуық ұлттық ағарту кешені, жексенбілік және лингвистикалық мектеп жұмыс істейді. 11 тілде 35 ұлттық басылым жарық көруде.

   Қазақстан Республикасының Президенті – ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ассамблеяның жанынан ақылдастық-сараптамалық орган саналатын ұлттық сарапталық кеңес құрылған. Оның мониторинг және сараптама, қоғамдық сұхбаттастық, сарапшылық бағалау секторлары табысты жұмыс атқаруда.

  Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі ТМД-да, Еуропа мен Азияда ұлтаралық келісімді сақтау ісіндегі теңдесісіз қоғамдық-мемлекеттік институт ретінде мойындалған. Оның табысты да тиімді жұмыс қалыбы ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық бірлік пен келісімді сақтау саясатының өте дұрыстығын, алысты көздер көрегендігін көрсетеді. Сол себепті де, биыл алғаш рет аталып өтілгелі отырған Президент күнін бір жағынан ұлттық бірлік, татулық пен келісім күні деп атауымызға әбден болады деп санаймын.






Пікірді қалдыру

ugol_tit Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз
Заполните все поля или авторизуйтесь
Пікір қалдырғаныңызға рахмет
Аты: E-mail:

    Мұрағат

    ugol_tit
    Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    banten
    Жаңартқан: 25 минут бұрын

    Аймақтық БАҚ