жаңалықтар
  • аймақтық БАҚ

ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ

17 Қараша 2012, 15:48 Қарап шығу: 1392 Түсiнiктер: 1

Ауданымызда ауылдық аймақтарды дамыту, аумақтық және басқа да аграрлық саланы дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруда шаруалар өздерінің күш- жігерлерін жұмсауда. Ауыл адамы үшін жерден өнім алып, малын өсіріп, ұқсату арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған жандар қаншама. Солардың бірі ауданға және облысқа белгілі тұлға -Жұматай Абнасыров.

 

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында «Дидар» шаруа қожалығы ЖШС-ң басшысы, «Нұр Отан» ХДП белсенді мүшесі Жұматай Қазбекұлы Абнасыров егіншілік пен мал өсірумен тікелей айналысып жатқан жайы бар. Аталмыш шаруашалық ет өнімін тікелей Павлодар қаласындағы «Рубикомға» тапсырса, сүтті қаладағы «Сүт» Акционерлік Қоғамына жібереді. 

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында Жұматай Қазбекұлымен әңгімелесіп, шаруа жайын сұрағанбыз. Әңгіме барысында Ж.Абнасыров шаруа қожалығы  жайлы кеңірек айтып  өтті: «Дидар» шаруа  қожалығы 1997 жылы құрылған. Благовещенка елді мекенінде орын тепкен шаруашылықта  қазір 400 бас сементалды ірі қара мал басы бар. 2010 жылдан  бастап «Дидар» ЖШС асыл тұқымды шаруашылық атты мәртебесін  иеленген. Яғни, шаруашылық астық дақылдары мен ет бағытында жұмыс істейді. Осыдан бес жыл бұрын көршілес Железин ауданының «Бақауов» шаруа қожалығынан асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алып, әрі қарай оның санын өсіріп, жеке шаруашылығыма ет және сүт жинаудан пайда түсіру мақсатында тыңғылықты жұмыс жасап жатырмыз.  Асыл тұқымды мал өсіру – оңай шаруа емес, малға азық беру, оны күтіп- баптау, есебін жүргізу- бәрі төзімділікті, тиянақтылықты талап ететін қиын әрі шығыны көп жұмыс дер едім. Осы бағытта менің шаруашылықтағы орынбасарым, басқарушы Ғосман Илюбаевты ерекше атап өткім келеді.  Қол жеткізген нәтиже де  жаман емес. Елбасының тапсырмасына сай  2010 жылы арнайы мал      соятын цех ашылды. Шаруашылықта жалпы 26 адам жұмыспен қамтылған, олар уақытылы еңбек ақы алып, жем-шөп өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көпжылдық шөп, жем-азық түрлері жеткілікті.

Жеке шаруасын мүмкіндігінше алға тартып келе жатқан Жұматай Қазбекұлы бұл жерде тек өз қамдарын ғана күт теуден аулақ. Ол барынша ауылдықтардың тұрмысына да қарайласып, қысқы жем-азықпен қамтуға қол ұшын беретінін айтты. Сондай-ақ «Дидар» шаруа қожалығының басшысы Благовещенка ауылындағы жергілікті фельдшерлік     пунктке су құбырын өткізіп, барынша көмек беруден қалыс қалмайтынын жеткізді. Аудан шаруаларының көпішілігі сияқты Жұматай Абнасыров та республикалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында 8 миллион теңге көлемінде ауқымды несиені қолдағы  мал басын көбейтуге  жұмсамақшы. Ет бағытындағы ірі қара мал басын көбейтуге  бағытталған бұл игі бастама ауылдағы ағайынның дәулетін асырып отыр. Оның нәтижелілігі мен өміршеңдігін бүгінде  ауыл фермерлері  мойындап отыр. «Дидар» шаруа қожалығының басшысы алдағы ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында агроөнеркәсіп кешенінде көп жылдар бойы адал еңбегімен ерекшеленіп жүрген еңбек қор азаматтардың ішінде шаруа қожалығының басқарушысы Ғосман Илюбаевты, механизаторлар  Александр Фокин, Владимир Циммерман мен сауыншылар Наталья Колмагорова және Ранде Светлананы ерекше атап өтіп, кәсіби мейрамға орай  құттықтауын жеткізді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз»,-деген қазақстандық тарға арнаған Жолдауындағы сөзін басшылыққа ала отырып, еліміздің гүлденуіне баршамыз жұмыла үлес қосуымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүзеге асса, келер жылы ауданымыздың мал шаруашылығы, жалпы ауыл шаруашылығы саласы     бойынша әлеуеті қазіргіден де арта түспек. Оған барлық  қолайлы жағдай  да  мүмкіндік те бар.

Г.Жаябаева

 





Пікірді қалдыру

Құрметті оқырмандар!
Пікір жазғанда жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз
Заполните все поля или авторизуйтесь
Пікір қалдырғаныңызға рахмет
Аты: E-mail:
    Павлодар облысы Качир ауданының қоғамдық-саяси газеті. 2011 жылдың 2-ші шілдесінен бастап жарық көреді. Таралу аймағы Павлодар облысы Качир ауданы. Газет аптасына 1 рет сенбі күні шығады, көлемі 2 баспа табақ. 2012 жылы газет 8 бет болып шығып отыр. 
    Толық оқып отыру

    Бүгін

    Жаңартқан: 25 минут бұрын

    Курстер

    USD 151
    EUR 197
    RUB 4.90

    Аймақтық БАҚ