жаңалықтар
  • аймақтық БАҚ

ҚАЗАҚ ТІЛІ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АНА ТІЛІ

27 Мамыр 2013, 13:59 Қарап шығу: 901 Түсiнiктер: 0

«Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім»,-деп, Мағжан Жұмабаев жырлаған ана тілімізді құрал ретінде қолданып, қадірлеу-перзенттік парыз.

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды табиғат құбылыстарын ана тілі арқылы қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарын адал ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, игілігіне жаратады.
Ана тілі арқылы адамдар бір бірімен сөйлесіп ойын жеткізеді.
Ана тілі арқылы адамдар білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы халқымыздың өресін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады.
Ана тілі халқымыздың өмір сүріп қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Ана тілінде тәлім-тәрбие алмаған халықтың келешегі жоқ.
Осыған орай сәуірдің соңғы аптасында Петропавл қаласында мемлекеттік мекемелерде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық байқауы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш байқауға қатысушыларға қойылатын талап жыл сайын жоғарылауда. Осы орайда байқауға өзіне нық сенімділер ғана қатысуға тілек білдірген. Аталмыш байқауға 13 мұғалім қатысып, олар 2 кезеңде өз бақтарын сынады. Іріктеуден өткен 6 ұстаз қазылар алқасының алдында әртүрлі тақырыпта ашық сабақ өткізіп, олардың ішінен екінші орынды Новоишим № 2 мектебінің ұлағатты ұстазы Мөлдір Алтынбекова иемденді.
Әрбір адам қай тілді, қандай ұлттың тілін, қаншасын оқып үйренем десе – ол өз талғам таңдауының еркінде. Білуге, үйренуге әркім құқылы. Ал, ана тілі ұлттың өзіне ғана тән, кімнің қай ұлт екенін айыратын жалғыз – ақ белгісі. Олай болса, әрбір ұлт өкілі өзінің ана тілінде сөйлей білуі-оның ұлты кім екенінің айғағы. Тілін білмеген адам, түбін де білмейді, яғни ол адам өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рухани байлығын да құрметтемейді және білмейді.
Бұл – жалғыз Қазақстанға ғана емес, жалпы барлық елге, бүкіл мемлекеттерге ортақ шарт. Сондықтан да, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт дәстүрін, қазақ тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ендеше, осыған барлық ынтасын салып жүрген жігерлі жастардың бірі-Мөлдір Күзенбайқызына сәттілік тілейік!

 

Шолпан САЛЫҚОВА
 





Пікірді қалдыру

Құрметті оқырмандар!
Пікір жазғанда жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз
Заполните все поля или авторизуйтесь
Пікір қалдырғаныңызға рахмет
Аты: E-mail:
    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыдағы ауданы Новоишимское ауылында "Есіл өңірі" газетінің 2005 жылдың 15 ақпаннан бастап алғашқы саны шықты. Газет аудан әкімі тапсырысы бойынша шығарылады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуде ресми басылым болып табылады. Шеф редакторы Уразбекова Сагыныш Касымтайкызы.
    Толық оқып отыру

    Бүгін

    Жаңартқан: 25 минут бұрын

    Курстер

    USD 183.51
    EUR 248.77
    RUB 5.34

    Аймақтық БАҚ