жаңалықтар
  • аймақтық БАҚ

Насыбайдың зияны

25 Мамыр 2013, 14:43 Қарап шығу: 4044 Түсiнiктер: 11


 

     Насыбай құрамында есірткі бар алконас тұқымдасына жататын темекі өсімдігінен жасалатын, құмарлық үшін ататын (пайдаланылатын) зат. Қазақ даласына темекі келгеннен кейін насыбай жасау, оны ату етек жайған. Насыбайды дайындауды далада көшіп-қонып жүрген қазақтар әу баста өзгелерден үйренген. Насыбай түйіршік және ұнтақ түрінде кездеседі. Бұрындары тек кәрі шалдар насыбайды атса, қазір жастар, оқушылар мен студенттер арасында насыбай ату кең тарап отыр. Насыбай арзан және барлық жерде сатыла береді. Бұрындары негізінен шалдар атқандықтан, елімізде насыбайға тыйым салынбаған. 
Насыбайды үйде дайындайды.
Насыбайдың құрамында махорка немесе табак бар, оған әктің суын, түйенің тезегін немесе тауықтың саңғырығын, қара ағаштың смоласын және түрлі ағаштардың күлін қосады. Түсі көк, иісі тауық қорадан шыққан иіс сияқты. Бұлардың қай-қайсысы да зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлар да бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80% ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де насыбай атпаса басы ауырып айналады. Тамаққа зауқы соқпайды. Сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар аз емес. Себебі, насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Ал, оның орнына темекі алайын десе тиын-тебені жетпейді. Әрі насыбайды кім көрінген сұрай бермейді.
Насыбайды ату-темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, қан қысымы көтеріліп, ұйқысы қашып мазасыз күйге түседі. Ондайда насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, көңіл күйі көтеріліп, басының ауырғаны тыйылып қоя береді. Мұны «бас жазу» тәрізді қылық екенін түсінбейтіндер насыбайда сондай күш бар деп айтады.
Насыбай неге зиянды?
    Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі. Жасыратыны жоқ, бүгінде жастар жағы насыбай атуды әдетке айналдырған.
Насыбай ататындардың есіне мыналарды саламыз. Насыбай ату адам жасын қысқартады; Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігіне ұшыратады; Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынтасы азаяды; Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баласының денсаулығына зияны тиеді; Тыныс жолдары қабынады; Мезгілінен ерте қартаяды; Ұйқысыздыққа апарады; Аузынан, айналасынан сасық иіс шығады; Рухани күйзеліске ұшырайды; Тамаққа деген тәбеті жойылады, адам ағзасы әлсірейді; Қан қысымы көтеріледі.
Қазір елімізде денсаулық сақ-тау министрлігінің бастамасымен насыбай атуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтерілуде.
Денім сау болсын десеңіздер, мұндай жаман әдеттен аулақ жүрі-ңіздер, спортпен шынығыңыздар!

 

И. ИСКАНДЕРОВ,
ауданның нарколог дәрігері.

 





Пікірді қалдыру

Құрметті оқырмандар!
Пікір жазғанда жеке адамның ар-намысын қорлайтын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз
Заполните все поля или авторизуйтесь
Пікір қалдырғаныңызға рахмет
Аты: E-mail:
    Алматы облысы Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газеті аптасына 1 рет шығады.

     
    Толық оқып отыру

    Бүгін

    Жаңартқан: 25 минут бұрын

    Курстер

    USD 183.51
    EUR 248.77
    RUB 5.34

    Аймақтық БАҚ