«Үйім қайда?». Үйі қайда?

«Үйім қайда?». Үйі қайда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Семейный» тұрғын үй кешені. Атауы жағымды естілгенімен, бұл баспанаға жүздеген отбасы қол жеткізе алмай отыр. Бүгінгі тақырып – үлесін құйса да, қоныс тойын тойлай алмай жүрген үлескерлер проблемасы.


Рүстем Мамыр – осы үйден пәтер алған, бірақ құрылыстың аяқталуын 5 жыл бойы күтіп жүрген азаматтардың бірі. Үлескер Рүстем Мамыр

Рүстем Мамыр – осы үйден пәтер алған, бірақ құрылыстың аяқталуын 5 жыл бойы күтіп жүрген азаматтардың бірі. Ол 48 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді кезінде 8 млн теңгеге сатып алғам дейді. Кешен құрылысы 2014 жылы басталған. Тұрғын үй 2015 жылдың 4-тоқсанында тапсырылады деп уәде етілген. Дегенмен 2019 жылдың ортасы болды, баспана әлі пайдалануға берілмеген.


Басы

«Бұл үйдің қаражаты құрылыс басталмай жатып-ақ жоқ болды. Пәтерге 2015 жылы кіруіміз керек болатын. Бірақ 2015-2018 жылдар аралығында кешен бір-екі қабаттан ғана салынып отырды. Жұмыс жүрмеген соң біз амалсыздан өз күшімізбен құрылысты жалғастыруды ұйғардық.
Нақтыласақ, су, жылыту жүйесі, кәріз құбырлары мен электр қуатын тартамыз деп шештік. Қолдан келгенше жұмыстың бәрін жасадық. Бірақ электр қуаты уақытша ғана беріліп отыр. Бұның бәрін үлескерлер өзіміз туыс, дос-жаран мен таныстарымыздың көмегімен іске асырдық. Кейбір лауазымды тұлғалар да біздің проблеманы шешуге атсалысты. Бұдан кейін елорда әкімдігі де шұғыл түрде көмектесе бастады. Олар онсыз да аздап қолдау көрсетіп жүрген еді, бірақ жәрдемін көбейтті».

Ақысына... сөз есту

«Тұрғын үйді салып жатқан - «Sat Construction Group» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығы бізбен өте дөрекі сөйлеседі. Олар бізге: «не істесеңдер, соны істеңдер. Біз өзіміз асықпай саламыз. Жоспарды қалай орындайтынымыз, ақшаны қайдан табатынымыз – біздің проблема» дейді. Ал біз үлескерлер, 250-ге жуық пәтер иесі - күте-күте шаршадық. Одан әрі төзе алмаймыз. Барлығының өз қиындығы бар. Біреулер баспана жалдап тұрады. Арамызда көпбалалы отбасылар, мүгедектер бар. Олар да ай сайын 100-120 мың теңгеден төлей алмайды. Кейбір жанұялар шыдай алмай бітпеген пәтерлеріне көшіп алды. Шамасы келгенше ішін жөндеуге де тырысып жатыр. Себебі тұратын жерлері жоқ, әлеуметтік жағдай мәз емес, адамдар ашулы. Тұрғындар жөндеу жұмыстарын да толық жасай алмай отыр. Себебі үй жаққа өту мүмкін емес. Машина кіре алмайды. Құрылысшылар әдейілеп үлкен бордюр, блоктар қойып тастаған. Осылайша бізге кедергі келтіруде».

Әкімдік жағалау

«Елорда әкімдігі де бізге аз көмектеседі. Қолдау көрсеткісі келмесе де, халықты тыныштандыру үшін ғана көмектескендей болады. Себебі біздің адамдар пикет ұйымдастырмақ болған. Бірақ құрылыс компаниясы ма, біреулер айтып қойып, бізді СОБР-мен алып кетпек болды. Полиция, құқық қорғау органдары келді. Автобустарда бетперде киген адамдар отырды. Ал біз ешқандай революция, митинг ұйымдастырған жоқпыз. Біз бар болғаны осылайша құрылыс компаниясын есеп беруге шақырдық. Ал олар біздің тынышталғанымызды, тұрғын үй мәселесін көтермегенімізді қалайды».

Паң директор

«Құрылыс компаниясының басшысы болса - еркіндікте жүр, телефонын алмайды, бізді керек те қылмайды. Ол өзіміз құрған бастамашыл топтың бір-екі мүшесімен ғана сөйлеседі, басқаларына жауап бермейді. Ылғи «қолымыз бос емес» дейді. Мысалы біз бүгінгі күні - кешенде нақты қанша пәтер, қанша автотұрақ, қанша коммерциялық бөлме бар екенін білмейміз. Бізге бұл туралы ақпарат берілмейді. Ал біз - өз баспанамыздың меншік иесіміз. Ештеңені ұрлап алған жоқпыз. Біз маңдай терімізбен тапқан адал ақшамызға сатып алдық. 100 пайыз төледік. Төледік деген құжаттың, келісімшарттың бәрі қолымызда бар».


Жылатқан сапа

Елорда тұрғынының айтуынша, «Жағалау» аумағы, Тұран көшесінде орналасқан бұл үйде заң бұзушылықтар өте көп. Құрылыс сапасы да оңып тұрған жоқ. Үлескер «Sat Construction Group» ЖШС кешеннің сыртын кәмпит құсап әдемілеп қана қойған дейді. Бірақ тұрғын үйдің үсті, шатырының жағдайы нашар. Балаларға арналған алаң жоқ. Сырты абаттандырылмаған, ішін де дұрыс жөндемеген.

Жылатқан сапаЕлорда тұрғынының айтуынша, «Жағалау» аумағы, Тұран көшесінде орналасқан бұл үйде заң бұзушылықтар өте көп. Құрылыс сапасы да оңып тұрған жоқ. Үлескер «Sat Construction Group» ЖШС кешеннің сыртын кәмпит құсап әдемілеп қана қойған дейді. Бірақ тұрғын үйдің үсті, шатырының жағдайы нашар. Балаларға арналған алаң жоқ. Сырты абаттандырылмаған, ішін де дұрыс жөндемеген.

Жылатқан сапаЕлорда тұрғынының айтуынша, «Жағалау» аумағы, Тұран көшесінде орналасқан бұл үйде заң бұзушылықтар өте көп. Құрылыс сапасы да оңып тұрған жоқ. Үлескер «Sat Construction Group» ЖШС кешеннің сыртын кәмпит құсап әдемілеп қана қойған дейді. Бірақ тұрғын үйдің үсті, шатырының жағдайы нашар. Балаларға арналған алаң жоқ. Сырты абаттандырылмаған, ішін де дұрыс жөндемеген.

Жылатқан сапаЕлорда тұрғынының айтуынша, «Жағалау» аумағы, Тұран көшесінде орналасқан бұл үйде заң бұзушылықтар өте көп. Құрылыс сапасы да оңып тұрған жоқ. Үлескер «Sat Construction Group» ЖШС кешеннің сыртын кәмпит құсап әдемілеп қана қойған дейді. Бірақ тұрғын үйдің үсті, шатырының жағдайы нашар. Балаларға арналған алаң жоқ. Сырты абаттандырылмаған, ішін де дұрыс жөндемеген.


«Негізі пәтер әрленбеген ғой, бірақ олар әрленген деп айту үшін қабырғаны ақ түсті сапасыз затпен бояп қойған. Мен кемшіліктер көп екенін байқадым. Мысалы, электр қуаты қалай болса солай тартылған. Мен электр құрылғыларының қалай тартылатынын, кірпіштің қалай қаланатынын білемін. Баспанамның қабырғалары қисық. Араларында 1,5-2 сантиметр айырмашылық бар. Келісімшарт бойынша пәтер биіктігі 2 метр 80 см болуы тиіс. Ал шын мәнінде биіктік 2 метр 65 см-ді ғана құрайды. Және де, ең үлкен заң бұзушылық – жобаға сәйкес кешен 9 қабатты болуы тиіс. Ал олар үстіне тағы бір қабат қосып қойып, оны техникалық қабат дейді. Бірақ ол техникалық қабат емес, ол жердегі пәтерлер адамдарға сатылып кеткен. Тіпті, құрылыс компаниясы бір пәтерді екі адамға сатқан екен. Қазір сондай 18 оқиға бар деп естідік. Осылайша барлығы үйімізден барынша ақша жасап, бізді алдап отыр. Ал тұрғын үйдің айналасын қоқыстан тазартуға шамалары жетпейді. Кешен салына бастаған 2014 жылдан бері Sat Construction Group басшылығы үш рет ауысқан. Бұл – олардың стратегиясы. Ол жерді алаяқтық жайлаған», - деді тұрғындар атынан сұхбат берген Рүстем Мамыр.


Бюрократиялық квест

Астаналық азамат өз сөзінде - үлескерлер осы уақыт бойы қол қусырмай, құқық қорғаушылар мен мемлекеттік органдардан көмек сұрап келе жатқанын айтты. Бірақ проблема әлі шешімін таппаған.

«2017 жылы өзіміз бастамашыл топ құрдық. Біз басымызды біріктіріп, үйдің тез салынауына үлес қосуымыз керек деп әрекеттендік. Біз Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер департаментіне (Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті – автор ескертпесі), елорда әкімдігіне, ведомствоаралық, экономикалық соттарға, басқа да құқық қорғау органдары мен инстанцияларға бардық, жаздық. Әкімдік жайлы айтсақ, біз әкім орынбасары Хорошун (Сергей Хорошун - 2006 жылдан 2019 жылғы ақпанға дейін елорда әкімінің бірінші орынбасары болған - автор ескертпесі) болған кезден бастап іске кірістік. Ол кісі Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жиналысын бір айда бір-екі рет ұйымдастырды. Сол кезде «Проблемалық тұрғын үй кешендері» деген бағдарлама болды, әкімдік өкілдері «барлығын қадағалаймыз» деп уәде берді. Сол уақытта Хорошун «Мен сендердің жағдайларыңның бәрін білемін. Олар бақылауға алынған. Біз салып береміз, уәде береміз. Бірақ қазір барлық жерде ақша жоқ» деген еді. Бұл 2017-2018 жылдар болатын. Содан кейін ол кісі ауысып, біз жаңа қала әкімі Бақыт Сұлтановқа жүгіндік, хат жаздық. Әкім орынбасары Амрин (Асқар Амрин - 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары - автор ескертпесі) деген кісі де бізге «қорықпаңдар, бәрі бақылауда» деп уәде берді. Бірақ бақылауда болғанның өзінде де, құрылыс алаңында әлі күнге дейін тыныштық, қатты өзгеріс болған жоқ. Әкімдіктің көмегі тиіп жатыр, бірақ көп деп айта алмаймыз».

Жалғасы. Ашылмалы-жабылмалы қылмыстық іс

«Одан кейін біз бір пәтерді екі рет сату фактісі орын алғанда Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаментіне (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті – автор ескертпесі) қылмыстық іс қозғауға арыз жаздық. Бірақ олар бір ай өткен соң істі жауып тастады. Біз қайтадан барамыз, істі ашамыз. Олар істі ашады да, екі-үш айдан соң қайтадан жауып тастайды. Адвокат жалдап, соған сендік, оған да көп ақша кетті. Неліктен екенін білмеймін, Ішкі істер департаменті осы іске көз жұма қарайды. Олар «бұл жай ғана азаматтық іс, қылмыстық іс ашып керек емес» дейді. Егер адам алаяқтықпен айналысса, бір пәтерді екі адамға сатса, қалайша керек емес? Бұны қалай түсінуге болады?... Кейін біз Sat Construction компаниясы ІІД, ІІМ-ге тұрғын үй кешені ме, жатақхана ма сондай бір нысан салған деп естідік.

Бәріне жаздық. Бірде-бір орган әрекет етпейді. Оларды кім қорғаштап отырғанын білмейміз. Неліктен ІІД, прокуратура жұмыс істемейді? Неліктен олар барлық мән-жайды анықтай алмайды? Барлығы оңай ғой, «шахматка» бойынша қарап, пәтерлердің қанша адамға сатылғанын көрсін. Басқа да заң бұзушылықтардың бетін ашсын. Енді бұны Мемлекет басшысына жеткізу керек пе? Осындай әр іске президент араласуы тиіс пе? Егер әр қадағалаушы орган, әкімдіктер, ІІМ, ІІД, прокуратура, соттар, қысқасы, барлық құрылымдар тек өз ісімен айналысса, бәріміз жақсы өмір сүруші едік.

Әкімдік, құрылыс компаниясы мен басқасы да 2015 жылдан бастап бізге «тұрғын үй 90% дайын» деп жауап беріп келеді. Қазір 2019 жыл, олар әлі күнге дейін 90% дейді. Сонда үйіміз қашан 100% салынып бітеді? 250-ге жуық пәтер иесі көптен күткен баспанасына қашан қол жеткізеді? Азаматтардың құқығы қашанғы осылай таптала береді? Өкінішке қарай, қазір бұл сұрақтарға ешкімнен нақты жауап ала алмай отырмыз».

Нақты әрі бұлыңғыр жауап

Осыған орай, редакция Sat Construction Group құрылыс компаниясымен және мердігер ұйыммен байланысуға тырысты. Құрылыс компания басшылығымен тілдесу мүмкін болмады. Дегенмен Sat Construction Group-тің тапсырысын орындаушы - мердігер ұйыммен байланысқа шықтық. Бас мердігер - «Востокстройзаказ» ЖШС директорының Құрылыс жөніндегі орынбасары Арман Икласбаев қазір нысанда қызу жұмыс жүріп жатыр дейді.

«Абаттандыру жұмыстарын аяқтап қалдық. Балаларға арналған ойын алаңдарын жасап жатырмыз. Қазір әрлеу жұмыстарын, ішкі жұмыстарды да жасаудамыз, оларды осы айда аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізге кедергі келтіріп отырған жалғыз нәрсе – сыртқы жұмыстар, әсіресе биіктіктегі жұмыстар. Бірақ оны да біртіндеп жүргізіп, қыркүйек айында бітіруді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, біз барлық жұмыстарды қыркүйекте аяқтаймыз... Бізге Техникалық қадағалау органы келіп, ескерту жасап, журналға жазып кетеді. Біз оны түзеу үшін жұмыс жасаймыз. Одан кейін ГАСК (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – автор ескертпесі) келіп тексереді, әкімдіктің адамдары келеді. Бізді қадағалайтын органдар көп. Әрине, онсыз болмайды. Ал кейбіреулердің бір кемшілікті көруі, мысалы бір жер боялмай қалса, бәрібір бұндай нәрсе жұмыс барысында болады. Біз оның бәрін соңына дейін жеткізіп жасаймыз... Он қабатты үй толығымен адам тұруға арналған. Бізге 9-10 қабат жөнінде сұрақ қойылған. Бұл жайлы білгіңіз келсе, әкімдікке, ГАСК-ке барыңыз, біздің қол қойылған құжаттарымыз бар, барлығы келісілген», - деп жауап берді тілшіге Арман Икласбаев.


Жаңа әкімнен үміт

Материал әзірленіп жатқанда үлкескер Рүстем Мамыр хабарласып, жаңалығымен бөлісті.

jagalaw.jpeg

Ол: «Бірер күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгінов "Семейный" ТК үлескерлерімен және Sat Construction Group құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Әкім Құрылысшыға тұрғын үй кешенінің құрылысын биылғы қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Бұған қоса, жұмыс барысы әкімдіктің тұрақты бақылауында болатынын айтты. Күмәніміз басым болса да, жаңа әкімге сенім артамыз» деді.

Ал бұл жаңалықтарға дейін редакциямыз елорда әкімдігіне ресми сауал жолдап, төмендегідей жауап алған еді.

Әрі қарай. Соттың оты

«Семейный» ТК үлескерлерінің Астана қаласы әкімдігіне және басқа мемлекеттік органдарға бірнеше рет жолдаған өтініштеріне байланысты, нысанның аяқталу мәселесі Астана қаласы әкімдігі жанындағы Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тұрақты бақылануына алынды.

Аталған комиссия отырыстарында құрылыс салушы «Sat Construction Group» ЖШС-ке үлескерлер алдындағы міндеттемелерді орындау және құрылысты аяқтау бойынша шаралар қолдану бірнеше рет ұсынылды. Бірақ құрылыс салушы құрылысты аяқтау мерзімін бұзды.

Сонымен қатар «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жүргізген тексеріс іс-шаралары барысында құрылыс сапасы, жобалық құжаттамадан ауытқу бөлігінде бұзұшылықтар айқындалды. Тексерістің қорытындысы бойынша құрылыс салушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.


Бұған қоса, құрылыс салушы «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, нақтыласақ, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз үлескерлердің ақшасын тартқаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 320-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Бас мердігер - «Востокстройзаказ» ЖШС лицензиясынан айырылды.

Ал Астана қаласының Полиция департаменті үлескерлер өтініштерінің негізінде «Sat Construction Group» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Өз кезегінде, Астана қаласының әкімдігі қалалық инженерлік желілерді төсеу, жылу бекеттеріне қосылу және тұрақты электрмен жабдықтауды жүргізу бойынша көмек көрсетті. Бүгінгі күні құрылыс нысанының жалпы дайындығы 90% құрайды. Жоғарыда айтылғанның негізінде, нысан құрылысын аяқтау мәселесі Астана қаласы әкімдігінің бақылауына алынған», - деп жауап берді «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ.

Қымбат Елтайқызы
Бөлісу: