Алматыда суда шомылу қауіпсіздігін насихаттайтын акция өткізілуде

25 Шілде 2019, 08:55
1944
Бөлісу:
Алматыда суда шомылу қауіпсіздігін насихаттайтын акция өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Акция судағы қауіпсіз іс-әрекетті насихаттау, оңтүстік астанадағы су объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апат пен адам өлімін азайту мақсатында өткізілуде»,-делінген хабарламада.

Қаланың су объектілерінде профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар аясында су объектілерінде рейдтік және патрульдік жұмыс жүргізілуде.

Судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ІІМ ТЖК РЖҚО құтқарушылары Алматы қаласының ПД қызметкерлері және волонтерлармен бірлесіп, су қоймаларындағы қоғамдық демалу орындарына күнделікті рейдтер өткізеді.

Бүгінгі таңда 135 рейд өткізіліп, 3000 жадынама таратылды, 3000-нан астам адамға нұсқаулықтар таныстырылды. Сонымен бірге, Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен тыйым салынған жерлерде шомылуға қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бірлескен шара барысында рұқсат етілмеген демалыс орындарында, су объектілерінде қауіпсіз тәртіп ережелері, ересектермен бірге жүрмейтін кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін сақтауға, судың жанында болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, өйткені ересектер балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты.

Алматы қаласының құтқарушылары шомылу маусымында осындай шараларды үнемі өткізіп тұрады.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы