Бас жаңалықтар
Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
03 Желтоқсан 2019, 21:40 582

Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бозкілемдегі палуандардың додасына әлемнің қырықтан аса елінен спортшылар келеді деп күтілуде, деп хабарлады aktobenews.kz.

Сегіз салмақ бойынша өтетін ауқымды шарада басқа мемлекеттерден келген сегіз және өз еліміздің он екі төрешісі төрелік ететін болады. Әлемнің қырықтан аса елінен таңдаулы палуандары келіп бақ сынайды.

Чемпионатта жағылатын алауға Ақтөбе қаласының символына айналған қызғалдақ бейнеленеді. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі - отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер қазақша күрестен жарыстар өтетін татамиге түсіне сәйкестендірілген, - делінген ақпаратта.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшыларды да марапаттайды.

Айта кету керек, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Ал спорттық шара 15-16 желтоқсан аралығында өтеді.    


Фото: дереккөз
Загрузка...