Бас жаңалықтар
"Қарапайым заттар экономикасы" елордамыздағы бизнесті қалай дамытып жатыр
10 Желтоқсан 2019, 09:49 5119

"Қарапайым заттар экономикасы" елордамыздағы бизнесті қалай дамытып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жүзеге асырылуы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен IQala алаңында талқыланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске тауар өндірушілердің өздері - жиһаз, тоқыма, құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібі отандық қауымдастықтарының өкілдері, ӨКП жанындағы өңірлік кеңестің мүшелері және т. б. қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында "қарапайым заттардың экономикасын дамыту қажеттілігі туралы" атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндіріс тауарларының көлемін арттырып, ірі компаниялар мен мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуды арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "қарапайым заттар экономикасының" әлеуетін толыққанды пайдалану қажеттігін атап өтті. 

Біз бизнесті жүргізу үшін жағдай жасаймыз, жобаларды қолдаймыз. Өнім/тауар өндіруге, сапасын жақсартуға, бәсекеге түсуге, экспортқа шығуға барлық мүмкіндіктер бар. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын дамыту аясында жеңілдетілген несие беру бойынша жұмыс жүргіземіз, - деді Алтай Көлгінов.
CSI консалтингтік компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов қала кәсіпорындарының жұмысына талдау жасап,  "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының басым бағыттарын, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын атап өтті.
Қазір "қарапайым заттар экономикасының" негізгі бағыттары құрылыс индустриясы, тоқыма, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салалары. Тауар өндірушілер жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтып жатыр. Қолайлы жұмыс үшін iQala қалалық бірыңғай қызмет көрсету орталығының жұмысын жалғастыру қажет, онда кәсіпкерлерге "бір терезе"қағидаты бойынша 139 қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні комиссия тауар өндірушілердің жобалық құжаттаманы әзірлеуге және веб-порталдарға орналастыруға қатысуы бойынша шаралар әзірледі, бұл да қосымша қолдау,  - деді Олжас Құдайбергенов. 

Сонымен қатар, тауар өндірушілерді қолдау үшін әкімдік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп индустриялық сертификаттар беру бойынша жұмыс жүргізуде (жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тек индустриалдық сертификат болған жағдайда ғана мемлекеттік сатып алуға қатыса алады). Бүгінгі күні бұл сертификат 29 кәсіпорынға берілді,тағы 2 өтінім қарастырылуда.




Фото: дереккөз
Загрузка...