Ұлттық кеңестің келесі отырысы қашан өтетіні белгілі болды

20 Ақпан 2020, 15:38
2770
Бөлісу:
Ұлттық кеңестің келесі отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық саяси кеңестің мүшелігінен шығып кеткендерге қатысты жауап берді. 

Ұлттық кеңестің жұмысы жаңа кезеңге өтті – қазір жаңа заң жобаларының қоғамдық талқылауы басталды. Мемлекеттік органдар кері байланыс орнатып, барлық ұсыныстар мен ескертулерді ескеру үшін талқылауды әдейі ашық жүргізуде. Жаңа заң жобалардың мазмұны туралы дәл осы себептен айтуға әлі ерте, талқылау енді басталды. Айтылған, келіп түскен барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар пысықтауда. Жалпы бәрі де жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Осы және келесі аптада мемлекет басшысының Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесулері жоспарланған. Сонымен бірге, Ұлттық кеңестің үшінші отырсына дайындық басталып кетті, ол осы жылдың сәуір айында өтеді, - дейді Ерлан Қарин.

Өзгелердің жаңалығы