Қазақстандық дипломаттар мен олардың туыстары COVID-19 бойынша сынақтан өтеді

1 Сәуір 2020, 16:12
1628
Бөлісу:
Қазақстандық дипломаттар мен олардың туыстары COVID-19 бойынша сынақтан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас санитары Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Сонымен, 1 сәуірден бастап шетелден келгендердің барлығы стационарлық ауруханаларда оқшауланатын болады. Олардан КВИ инфекциясы бойынша зертханалық зерттеулер алынып, тексеріледі. Егер аталған вирустың инфекциясы табылса,емдеу үшін жұқпалы аурулар ауруханасына, ал сау болып шықса үйде 11 күндік карантинге жіберіледі.

Бұл ереже бұрынғыдай әуе компанияларының ұшқыштарына және локомотив бригадаларының мүшелеріне, теміржол көлігімен байланысты адамдарға және шетелден келетін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге қолданылмайды.  Олар қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылаудан өтеді, - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
 
Сонымен қатар, ЕАЭО мен Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері арқылы теміржол және автожолмен келген адамдар үйде 14 күнге оқшауланады.
Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша, Қазақстанға келген дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерін кейіннен үй карантинін оқшаулауды қарастыратын норма енгізілді, - деді бас санитар.

Ол карантин вирустың адамнан адамға берілуін тоқтатудың маңызды және тиімді шарасы болып қала беретіндігін, сондықтан үйдегі карантиндегі адамдарды бақылау алдын алу шараларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығын атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы