Бас жаңалықтар
Өңір басшылары "Жанұя" орталығының тәжірибесімен танысты
03 Желтоқсан 2019, 20:42 434

Өңір басшылары "Жанұя" орталығының тәжірибесімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс және қала әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары "Жанұя" отбасын қолдау орталығында болды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Өңірлер әкімдерінің орынбасарлары жұмысқа орналастыру, АӘК тағайындау, халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік, психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету жөніндегі орталықтың жұмысымен танысты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әріптестеріне экскурсия жүргізіп, негізгі міндет барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес біз аймақтардағы әріптестеріміз үшін "Жанұя" институтын қолдау орталығы бойынша экскурсия өткіздік. Бұл экскурсия әріптестерімізді біздің орталықпен таныстыру және тәжірибе алмасу үшін өткізілді. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету міндеті тұр және "Жанұя" тәжірибесін барлық өңірлерде тарату керек. Менің әріптестерім осы тәжірибені тарату уақытын енгізді, - деп атап өтті ол.
Бақтияр Мәкеннің айтуынша, орталыққа негізінен тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, АӘК алу мәселелері бойынша өтініш білдіреді.
Әрбір мәселе бойынша кеңестер беріліп, тұрғындар жүгінетін мәселелерді шешу жолдары бар. Болашақта біз орталықтың филиалдарын қаланың әр ауданында ашуды жоспарлап отырмыз, - деді елорда әкімінің орынбасары.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пікірінше, мұндай орталықтарды еліміздің барлық өңірлерінде ашу қажет. 
Нұр-Сұлтан қаласының "Жанұя" институтын қолдау орталығын құрудағы тәжірибесімен таныстық. Бұл орталық өте функционалды, мұнда халыққа 70-ке жуық қызмет көрсетіледі. Мұнда өзекті мәселелер көтеріледі, тұрғындарға кеңес беріледі. Менің ойымша, мұндай орталықтарды басқа аймақтарда да құру қажет. Өйткені қазір АӘК алушылар көп, оларда көптеген сұрақтар туындайды. Мұндай орталықтардың көмегімен өтініш білдіргендердің сұрақтарына қажетті кеңестер мен нақты жауаптар бере отырып, әлеуметтік шиеленісті алып тастай аламыз. Бізде әрбір облыстық, аудандық жұмыспен қамту орталығында кеңес береді, бірақ онда сізге қарағанда аз қызмет көрсетіледі, - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Қазіргі таңда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында 70-ке жуық қызмет көрсетіледі, 60 қызметкер жұмыс істейді. Ашылған күннен бастап, үш ай ішінде орталыққа 6,3 мың адам өтініш білдірді, 13 мың мәселе қаралды, оның 3 мыңы шешілді. Соның ішінде жұмысқа орналасу, АӘК тағайындау, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету мәселелері де бар. Сондай-ақ, облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары елорданың әлеуметтік нысандарын, атап айтқанда, №88 мектеп-лицей мен №2 қалалық көпсалалы аурухананы аралады.



Фото: дереккөз
Загрузка...