Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2020, 10:11
1155
Бөлісу:
Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 100 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31086, 343 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26669 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы