Алматыда өртенген үйден адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды

3 Желтоқсан 2019, 16:50
14135
Бөлісу:
Алматыда өртенген үйден адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. Өрт кезінде адамдардың өмірін сақтаудағы батылдығы мен адалдығы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Алматы қалалық полиция Департаменті патрульдік полицияның екі офицеріне "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгілері табысталды.  

Бұл қызметкерлердің шешім қабылдауы мен батыл әрекеттері назардан тыс қалмады және бүгін олар марапаттарға ие болды. Өрт сөндіру қызметінің келуін күтпей, патрульшілер маңызды шешім қабылдады. Олар адамдарды жанып жатқан үйден шығарып алды. Әрине, оларда арнайы құрал-жабдықтар болған жоқ, бірақ олар түтін болып жатқан бөлмеге кіріп, зардап шеккендерді іздей бастады. Сонымен қатар, олар 3 көлікті жанып жатқан гараждан шығарып тастады. Бұл батыл әрекет полицей болудың жай ғана кәсіп емес, шеберлік екенін көрсетеді, - дейді Алматы қалалық полиция Департаменті Кадрмен жұмыс және саясат басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Мырзабеков. 

2019 жылы 14 тамызда сағат 00.30 шамасында Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкерлері, полиция сержанты Алмас Әсет және полиция аға сержанты Бауыржан Жексембиевпен бірге, "Мерседес" көлігінің апатқа ұшырап, газ құбырына зақым келгендігі туралы, соның салдарынан тұрғын үй ғимаратының жанып жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Сол жерге жетіп, үйдің ішінде отбасының бар екенін біліп, полиция адамдарды өртеніп жатқан үйден эвакуациялай бастады, содан кейін олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, өрттен құлап жатқан гаражға жүгіріп кіріп, 3 көлікті қауіпсіз жерге шығарды. Б.Е. Жексембиев соңғы көлікті шығарған кезде гараждың төбесі опырылып құлап түсті.

Өзгелердің жаңалығы