Құрылыс саласында лицензия беру рәсімі жеңілдетілді

24 Қыркүйек 2020, 19:05
1096
Бөлісу:
Құрылыс саласында лицензия беру рәсімі жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензия беру рәсімі жеңілдетілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ведомстоның мәліметінше, лицензия беру кезінде рұқсат беру бақылауы алынып тасталды және оны алу мерзімі қысқартылды. 
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензия беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Мерзімдер қысқарған кезде лицензия берілгенге дейін рұқсаттық бақылау алынып тасталды. Оның орнына құжаттарды қараудың камералық әдісі қолданылады. Яғни, қазіргі уақытта лицензия берілгенге дейін өтініш берушіге баруға міндетті талаптар жоқ, – делінген хабарламада.  
Бұл шаралар лицензия беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Өзгелердің жаңалығы