"Әзірет Сұлтан" мешіті онлайн дәрістер жүргізуді бастады

26 Наурыз 2020, 22:16
2425
Бөлісу:
"Әзірет Сұлтан" мешіті онлайн дәрістер жүргізуді бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде уақытша карантин жариялануына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіттегі барлық уағыз-дәрістер онлайн жүйеге ауысқан болатын. 

Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті де осыған үн қосу мақсатында онлайн дәрістер тізбегін бастағалы отыр.

Бүгін ақшам намазынан соң, елорда уақытымен сағат 20:00-де алғашқы тікелей эфир дәрісін Нұр-Сұлтан қаласы және "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов "Имамға ұюшының Құран оқу үкімі" тақырыбында бастайды.

Онлайн дәрісті мына жерден көре аласыздар!

Өзгелердің жаңалығы