Бас жаңалықтар
1-сынып оқушыларына жылдық баға қойылмайды
19 Қараша 2020, 15:22 482

1-сынып оқушыларына жылдық баға қойылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылдың 21 қазанындағы бұйрығына өзгерістер енгізді. 

 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларындағы 2-тарау алынып тасталсын, - делінген бұйрық мәтінінде. 

Бұйрықта көрсетілгендей, формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жарты жылдық үшін баға қалыптастырушы бағалау мен БЖБ нәтижелері бойынша қойылады.

Сондай-ақ 1-сыныпта жылдық баға қойылмайды делінген. 

Бұған дейін бірінші сынып оқушылары жиынтық бағалау нәтижелері негізінде 3 және 4-тоқсан бойынша бағаланды.

Бұл ретте психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде немесе баланың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен келісу бойынша қайта оқу жылы ұсынылғандарды қоспағанда, 1-сынып оқушылары қайта оқу жылына қалдырылмайды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап (18 қараша) қолданысқа енгізіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...