10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы басталады

3 Наурыз 2021, 08:48
3053
Бөлісу:
10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастардың тұрғын үй мәселесін шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» желідегі парақшасында хабарлады.

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. 

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі - 5%; Бастапқы жарна - 10%.  

Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. 

Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді. 

Қай санаттағы азаматтар қатыса алады? 

• Медицина қызметкерлері; 

• Білім беру қызметкерлері; 

• Мәдениет қызметкерлері; 

• Спорт қызметкерлері; 

• Жоғары оқу орны қызметкерлері; 

• Әлеуметтік сала қызметкерлері; 

• БАҚ қызметкерлері; 

• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері. 

Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады. Негізгі талаптар: 

• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау; 

• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы; 

• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

Өзгелердің жаңалығы