Бас жаңалықтар
100 жаңа есім: Менің өмірлік жолым - вакцина препараттарын жетілдіруге арналған мүмкіндік
04 Мамыр 2021, 12:28 147

100 жаңа есім: Менің өмірлік жолым - вакцина препараттарын жетілдіруге арналған мүмкіндік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездескен болатын. «100 жаңа есім» тізімінде ҚазҰАЗУ жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов та бар.

Мен 17 жылдан бері жануарлар мен құстарға, адамдарға арналған инфекциялық ауруларға қарсы вакцина әзірлеумен айналысып келемін. Командамызбен бірігіп 10 вакцина жасадық. Оның әрқайсысы - отандық биотехнологияның жеңісі. Осы саланың бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын. Әзірленген вакциналардың 60 пайызы енгізілген және енгізілу барысында тұр, - деді Табынов.

Ол атағандай, бүгінде әлем коронавирусқа қарсы күресті жүргізіп жатыр.

Вакцинация ғана індетті тоқтата алады. Қазір Қазақстан, АҚШ-тағы әріптестермен бірігіп 2 вакцина әзірлеп жатырмыз. Болашақта бұл вакциналар тәжірибеге енгізіліп, қоғамға үлесін қосады деп үміттенеміз. Менің өмірлік жолым - вакцина препараттарын жетілдіруге арналған мүмкіндік. Себебі мінсіздіктің шегі жоқ. Әрбір әзірлеме шыққан сайын жақсара түсті, - деді Табынов Тоқаевпен кездесуде.

Ол байқаудан алған әсерін facebook-тегі парақшасында жазды.

Байқаудың атмосферасы ерекше және рух берді. Бұл жерде біз өз тарихымызды елге айтып қана қоймай, Мемлекет басшысына ұсыныстарды жеткізетін бірегей мүмкіндігіне ие болдық. Президент мырзаның біз ұсынған барлық нәрсені қабылдағаны және оларды іске асыру бойынша тиісті министрліктерге тиісті тапсырмалар бергені де қуантады. Сайыстың ең үлкен бонусы - бұл өте талантты балалармен, біздің қоғамның нағыз мотиваторлармен жеке танысу және достық қарым-қатынас орнату, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...