116 мың отбасының жағдайын жақсарттық – вице-министр

18 Ақпан 2020, 16:56
1257
Бөлісу:
116 мың отбасының жағдайын жақсарттық – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шамамен 116 мың отбасының жағдайы жақсарды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев айтты. 

Тұрғын үй секторына инвестиция жыл сайын ұлғайып жатыр. Өткен жылы 1,4 трлн теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,9 % жоғары. 2019 жылдың қорытындысы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасы сәйкес 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылғы деңгейден 4,9 пайызға жоғары. Бағдарламаның жылдық жоспары 100% орындалды. Шамамен 116 мың отбасы, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 29 мың отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Биыл біздің алдымызда 14 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 130 мыңнан астам тұрғынжай салу міндеті тұрған. Бірақ премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 15 млн шаршы метр салуымыз қажет, - дейді Қайырбек Өскенбаев. 

Оның айтуынша, жыл сайын 10 мың отбасыға қолдау көрсету жоспарлаған. 

Көпбалы отбасылардың тұрғын үй проблемаларына ерекше назар аударылды. Осы санатттар бойынша кезекте тұрған 41 мың адамның ішінен 2019 жылы 7387 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды 3 жылдың ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің пәрменді шараларының бірі - "Бақытты отбасы" бағдарламасы. Құжат өткен жылы іске қосылған болатын және мүгедек баласы бар, көпбалалы, толық емес отбасы саналатын 5 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың бағдарламаға қол жеткізуі үшін бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі. 2020-2023 жылдары 40 мың отбасына немесе жыл сайын 10 мың отбасына қолдау көрсету жоспарланған, - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы