14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 Шілде 2020, 08:02
1544
Бөлісу:
14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, деп болжайды синоптиктер.

Тек елдің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі. Кей өңірде екпінді жел соғады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында – қатты, оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облысының кей жерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы