150 мыңға жуық атыраулыққа 42 500 теңге төленді

24 Мамыр 2020, 09:45
1691
Бөлісу:
150 мыңға жуық атыраулыққа 42 500 теңге төленді
Фото: ашық дереккөз

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау облысында 35 мыңнан астам адамға әлеуметтік жәрдемақылар төленді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 644 жекелеген санаттарға жататын азаматтарға 194,2 млн теңге тағайындалып, толықтай төленді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі 2 752 балаға 15,1 млн теңге, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы 18 170 азаматқа 98,7 млн теңге, он алты жасқа дейінгі 3 300 мүгедек балаларға 17,9 млн теңге төленді. Сондай-ақ, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 3 321 ата-анаға 18,0 млн теңге жәрдемақы тағайындалып, есеп-шоттарына аударылды, - дейді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарасының басшысы Серік Қамидолла.

Сонымен қатар облыста халықты жұмыспен қамту орталықтарына ресми тіркелген 8 101 жұмыссызға 44,4 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілген. Оған қоса, уақытша жұмысынан айырылған 150 мыңға жуық атыраулық 42 500 теңге алған.

Еңбек министрінің бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қызметтердің шектелуіне байланысты табысын жоғалтқан шағын және орта бизнес қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлер мен жеке іспен айналысатындарға, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем төленетіні туралы ақпарат құралдарында, интернет желісі арқылы әлеуметтік желілерде жарияланымдар ұйымдастырылды. Өңірлік оперативтік штабтармен жұмыс берушілердің мәліметтері нақтылап, әлеуметтік төлем тағайындау мәселелері бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Күні бүгінге облыс бойынша әр адамға 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 146,1 мың адамға тағайындалып, 144 349 адам алды,- дейді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарасының басшысы Серік Қамидолла.

Өзгелердің жаңалығы