Бас жаңалықтар
150 мыңнан астам адам емхананы таңдау құқығын пайдаланды
26 Қараша 2020, 10:02 126

150 мыңнан астам адам емхананы таңдау құқығын пайдаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылатын емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды.

Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 150 мыңнан астам адам пайдаланды, олардың 76 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді.

132 мыңнан астам қазақстандық МСАК жеке нысандарына, қалған 20 мыңы мемлекеттік нысандарға басымдық берді.

Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Сондықтан емхананы ауыстырған азаматтар онда ТМККК және МӘМС бойынша көмекті тек 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ала алады. Осы уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі, – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Осы тұрғыда 169 мың азамат елдің бірде-бір емханасына тіркелмеген.

Тіркеу науқанына барлығы 521 МСАК объектісі: 296 мемлекеттік ұйым және 225 жеке меншік ұйым қатысты. Олардың барлығы денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және т. б.


Фото: дереккөз
Загрузка...