Қазақстаннан 190 млрд теңге шетелге заңсыз шығарылған

25 Ақпан 2020, 12:55
1773
Бөлісу:
Қазақстаннан 190 млрд теңге шетелге заңсыз шығарылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2015 жылдан бері шетелге 554 млн теңге заңсыз шығарылған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Лесбеков айтты.

ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті төрт жылдың ішінде шетелге заңсыз шығарылған жалпы сомасы 261,3 млрд теңгеге байланысты құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға 253 материал жіберген.

Арнайы ақпараттық жүйеміз бар. Соған сәйкес ақпараттар түсіп отырады. Елімізде көп резонансты істер болды ғой. "Эгмонт" деп аталатын шетелдік қаржылық барлаумен айналысатын канал бар. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, комитет Серік Ахметовке, Бергей Рыскалиевке, Мұхтар Әблязовқа, Анатолий Статиге, Бақыт Ибрагимге және Храпуновтар отбасына қатысты жоғары деңгейдегі қылмыстық істер аясында шетелдегі активтерді іздеуге белсенді қатысты. Бұл ақпараттың барлығы комитет арқылы алынған, - дейді Ғабит Лесбеков.

2019 жылдың наурыз айында қаржыминистрлігі ұлттық банкпее ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту туралы келісімге қол қойған.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ұлттық банктің аумақтық филиалдарына экономикалық тергеу қызметінің аумақтық органдарынан жалпы сомасы 554 млн АҚШ долларынан асатын сомада ұлттық және шетел валютасындағы қаражаттың шетелге қайтарылмау фактілері туралы 436 материал келіп түскен. Бұл істер қаралып жатыр. Оның төртеуі сотқа жіберілді, 47 қылмыстық іс аяқталды, 43-і анықталмағаны үшін босатылды, - деді комитет төрағасының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы