2 млн-ға жуық азаматқа вакцина жасалды – Есмағамбетова

21 Қазан 2020, 17:40
1616
Бөлісу:
2 млн-ға жуық азаматқа вакцина жасалды  – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Бюджет қаражатына әлеуметтік әлжуаз топтарды вакцинациялауға 2 млн 200 мың вакцина дозасы сатып алынды. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық азаматқа вакцина жасалды. Вакцинация  жұмыс берушілер мен жеке тұлғалар есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер 100 мыңнан астам азаматты вакциналады. Ал өз қаражатына 25 мыңнан астам адам вакцина жасады, - деді ол. 

Есмағамбетованың айтуынша, әлеуметтік әлжуаз топтарға жасалатын тұмауға қатысты вакцинадан бас тартқан адамдар тіркелмеді. 

Тағы 200 мың халыққа вакцина жасау қалды. Осы аптада тұмауға қарсы вакцина аяқталады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы