2015 жылдан бастап ескі автомобильдердің үлесі 8%-ға төмендеген

26 Ақпан 2021, 13:54
1559
Бөлісу:
2015 жылдан бастап ескі автомобильдердің үлесі 8%-ға төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 870 318 жеңіл автокөлік бар. Оның 64,5% - шығарылғанына 10 жылдан асқан көліктер, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

2015 жылы олардың үлесі 72,5% еді. Содан бері бұл көрсеткішті төмендету үшін елімізде қайта өңдеуге төлем енгізу және жеңілдетілген автонесие түрінде мемлекеттік ынталандыру шаралары қолданылды. Нәтижесінде ескі көліктер саны 8% азайды, - делінген хабарламада.

10 жылдан асқан автокөліктер Алматы облысында ең көп тіркелген. Ең азы - Атырау облысында.

Жаңа автокөліктер Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Жаңа автокөліктер Жамбыл (1,8% немесе 8 111 бірлік) және Түркістан облыстарында (1,9% немесе 8 877 бірлік) ең аз тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы