Бас жаңалықтар
2018-2020 жылдар аралығында парақорлыққа қатысты 1054 факт тіркелген
22 Қаңтар 2021, 16:47 176

2018-2020 жылдар аралығында парақорлыққа қатысты 1054 факт тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен тікелей эфир барысында айтып берді.

2018-2020 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара беруге қатысты 1054 факті тіркеген. Бұл ретте пара беру көрсеткішінде өсу динамикасы (52%) байқалады (2018 жылы 232 факт анықталса, 2020 жылы бл көрсеткіш 480-ге жеткен). Пара беру қылмысы бойынша жазаға тартылғандар саны – 641 (2018 жылы – 198 адам, 2019 жылы – 187 адам, 2020 жылы – 256 адам ). Оның ішінде 151 адам бас бостандығынан айырылса, 413 адам айыппұл төлеуге міндеттелген,  тағы 62 азаматтың бостандығы шектелген, - деді ол.

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, пара бергені үшін сотталғандардың 17%-дан астамы (111 мемлекеттік қызметші) соттылықтан басқа, мемлекеттік қызметтен босатылған және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған мемлекеттік қызметшілердің өздері болып отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...