Бас жаңалықтар
2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке көшкен адам саны қанша?
15 Сәуiр 2021, 23:35 293

2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке көшкен адам саны қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке 1 600 отбасы көшкен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 5 800 адам солтүстікке көшкен.

Бағдарламаның төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру. Бұл оңтүстіктен солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 600 отбасы немесе 5 800 адам солтүстікке көшті. Оның 3 мыңы еңбекке жарамды, – деді вице-министр Ержан Біржанов.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...