Бас жаңалықтар
2021 жылғы "Оскар" жүлдесін табыстау шарасы кейінге қалуы мүмкін
30 Мамыр 2020, 10:59 96

2021 жылғы "Оскар" жүлдесін табыстау шарасы кейінге қалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айында коронавирус пандемиясы салдарынан "Оскар" ұйымдастырушылары байқауға қатысатын фильмдерді іріктеу ережесінде уақытша өзгеріс барын айтқан болатын.

Америкалық киноакадемия 2021 жылдың ақпан айында өтуі тиіс "Оскар" жүлдесін табыстаудың 93-ші рәсімін ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды interfax.ru.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, "Оскарды" табыстау шарасы кейінге қалдырылуы мүмкін.  Алайда, шараның өтетін күні мен өзге де ақпараттарға қатысты жаңадан ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Қазіргі уақытта салтанатты шараның телевизиялық трансляциясы «ABC» телеарнасы арқылы 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған және дереккөз бұл күннің өзгермегенін жазды.

Сәуір айында коронавирус пандемиясы салдарынан "Оскар" ұйымдастырушылары байқауға қатысатын фильмдерді іріктеу ережесінде уақытша өзгеріс барын айтқан соң, америкалық киноакадемия президенті трансляция кестесіндегі өзгерістер туралы айту әлі ерте екенін ескерткен болатын.

COVID-19 пандемиясы әсерінен әлем елдеріндегі кинотеатрлар жабық болғандықтан, 2021 жылы "Оскарға" алғаш рет прокатқа шықпаған және тек онлайн көрсетілген фильмдерге рұқсат беріледі.

Фото: дереккөз
Загрузка...