2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға алады – Тоқаев

1 Қыркүйек 2020, 12:29
2289
Бөлісу:
2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға алады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Азаматтардың әлеуметтік мәселесі тікелей баспана алумен байланысты. Менің тапсырмам бойынша БЖЗҚ салымшылары жинақтарын баспана сатып алуға жұмсау мәселесі талқыланды. Бұл, әсіресе, қазір маңызды болып отыр. 2021 жылы 700 мың БЖЗҚ салымшысы жинақтарын баспана сатып алуға ала алады. Олар қаржыны баспана алуға емделуге немесе қаржы компанияларына басқаруға бере алады, - деді ол. 

Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін нормативтік актілерді әзірлеуді тапсырды.

Кезекте тұрған адамдардың мәселесін жедел шешу керек. Әкімдіктер арендалық  баспана  салып жатыр. Бұл жүйеге өзгерістер енгізу керек. Қаражатты тек құрылысқа ғана емес, арендалық төлемді субсидиялауға бөлу керек. Алғашқы жылы аталған шаралар бойынша қолдау  он есеге көбейеді. 100 мыңнан астам отбасы нақты көмекке ие болады. Бұл тапсырманы реттеуді мен ТҮҚЖБ қарасты «Отбасы» банкіне тапсырдым. Банктің басшылығы бұл тапсырма үшін жеке жауапкершілік алады, - деді Тоқаев. 
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Өзгелердің жаңалығы