2021 жылы Халықаралық хоккей федерациясының құрылтайы өтеді

28 Мамыр 2020, 08:00
1723
Бөлісу:
2021 жылы Халықаралық хоккей федерациясының құрылтайы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Санк-Петербургте халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрылтайда халықаралық хоккей федерациясының басшысы сайланады.
Біз сайлауды осы жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылдадық. Алдағы 15 айда президент мансабында қызметімді жалғастырамын, - деп мәлімдеме жасады IIHF Рене Фазель.

Жоспар бойынша құрылтай 2020 жылға жоспарланған болатын. Делегаттар толық құрамда қатыса алмайтын болғандықтан құрылтай бір жылға кейінге шегерілген.

Айта кетерлігі, Рене Фазель 1994 жылдан бері халықаралық хоккей федерациясының президенті қызметін атқарады. 
Өзгелердің жаңалығы