Бас жаңалықтар
2025 жылы халықтың санын 20 миллионға жеткізу керек –  Назарбаев
28 Сәуiр 2021, 15:42 340

2025 жылы халықтың санын 20 миллионға жеткізу керек – Назарбаев

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқының саны 2025 жылы 20 миллионға жетуі керек. Мұндай болжамды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

1993 жылы біздің ортақ шаңырағымыз - Кеңес Одағы құлаған кезде адамдар не істеу керектігін, өздерін қалай ұстау керектігін білмеді. 

Көптеген республикадан келгендердің кейбіреуі қалғысы келсе, енді бірі кетуді қалады. Біз араласпадық, барлығына еркіндік бердік. Қазақстаннан үш миллионға жуық адам кетті. Содан кейін халық саны 14 миллионға дейін азайды. Қазір халық саны19 миллион адамға жақындады. Енді 2025 жылға қарай 20 миллионға жету керек деген мақсат қойдым. Бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп те ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтіп жатыр. Отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы  Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сөйтіп, арада 3 жыл өткенде жүзеге асып, 1995 жылы 1 наурызда құрылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...