22 наурыздан бері шетелден келгендер арасында 3 адамнан коронавирус анықталған

28 Наурыз 2020, 12:48
1544
Бөлісу:
22 наурыздан бері шетелден келгендер арасында 3 адамнан коронавирус анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Елордаға 22 наурыздан бері шетелден 1712 адам келсе, оның үшеуінен коронавирус анықталған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Елордадағы Нұрcұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға келетін адамдарды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 22 -27 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 18 рейспен 1485 жолаушы келді, оның ішінде үшеуі – сәби. Барлық жолаушылардан зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдары алынды. Қазіргі кезде олардың үшеуінен коронавирус анықталды, - дейді Сәуле Қисықова.

Оның айтуынша, оқшаулап, байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал 27-28 наурыз аралында Нұр-Сұлтанүп тағы үш рейс келді. Бұл рейстермен келген адамдар саны – 227. Олардан сынама алып, зертханалық жағдайда тексеріп жатырмыз, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ елордада қосымша жеті блоктар қойылды. Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі қорғаныс маскалары мен антисептикалық құралдардың болуын үнемі қадағалап отырады. Елордадағы 52 ірі нысанды үнемі зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, республикада коронавирус жұқтырған 204 науқас расталды, оның 117-сі - Нұр-Сұлтанда, 58-і - Алматыда. 13 адам коронавирустан емделіп шықты, бір әйел қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы