Бас жаңалықтар
24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
24 Ақпан 2020, 08:26 418

24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін республиканың батысында, оңтүстікте және шығыста жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), кейбір жерлерде бұрқасынмен жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республика аумағының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м /с күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, қар жауады, күндіз жел 15-20 м /с күшейеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, қар жауады, қар жауады, жел 18 м /с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, қар жауады, күндіз жел 15-20 м /с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, жел 15-20 м /с күшейеді.

Жамбыл және Атырау облыстарында тұман, көктайғақ байқалады. Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде тұман түседі.


Фото: дереккөз
Загрузка...