25 сәуір қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

8 Сәуір 2021, 19:50
2925
Бөлісу:
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі
PHOTO

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қордай ауданында орналасқан Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтқандай, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы 25 сәуір жеткізіледі.

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Бүгінде ғылыми- зерттеу институты мен "СҚ-Фармация" арасында 2 млн ваецина жеткізу бойынша келісімшарт бар. Алғашқы жеткізу сәуірдің соңына жоспарланған. Қазіргі таңда қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы дайын.  Ол биологиялық бақылауда тұр. 25 сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 50 мың дозасы "СҚ-Фармация" хабтарына  жеткізіледі, - деді ол.
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Закарьяның айтуынша, бұл вакцинаның дозасы 25 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік береді.

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

QazCovid-in вакцинациясы екі кезеңмен егіледі. Алғашқы вакцинадан кейін 21 күн өткен соң вакцинаның екінші дозасы егіледі. Бүгінде вакцина көлемі 2 млн доза. Көлемді ұлғайту туралы тапсырма түскен жағдайда ел бойынша вакцинаны көбейтетін алаңдарды іздейтін боламыз. Жыл сайын біздің институт 25 млн вакцина өндіреді. Аталған вакцина біздің институтта әзірледі, - деді зерттеу орталығының директоры.
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі
   25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

QazCovid-in-коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан 5 вакцинаның бірі. Инактивті вакцинаны әзірлеу 2020 жылдың көктемінде басталған болатын. 2020 жылдың мамырында жануарларға клиникалық сынама жүргізілді. 

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Қазақстандық вакцинаны адамдарға егу бойынша сынақтың бірінші кезеңі, яғни 2020 жылдың қыркүйегінде 44 ерікті вакцина салдырды. Вакцинация арасы 21 күнді құрайтын екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде 200 ерікті вакцина салдырған. Қазір вакцинаның үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Оны 3 мың ерікті салдырады. 1-кезең 100 пайыз тиімділікпен, 2-кезең 96 пайызбен жүзеге асырылды. Үшінші кезең 15 сәуірде аяқталады. Сол кезде зерттеудің тиімділігі белгілі болады, - деді Күнсұлу Закарья.
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Ол атағандай, 3 мың еріктіге екі кезеңдік вакцина салынды.

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Олардан ешқандай жанама әсер анықталған жоқ. 50 мың доза тапсырылады. Келесі айларда көлемін көбейтіп, 500 мың дозаға шығамыз,-деді ол.
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Зерттеу директоры ресейлік және қазақстандық вакцинаның айырмашылығын айтты.

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Екі вакцина екі түрлі платформада дайындалған. Оларды технологиясы жағынан салыстыруға болмайды. Біздің QazCovid-in вакцинасы өлтірілген, ал “Sputnik-V” векторлық вакцина болып табылады. Қазақстандық вакцина ресейліктен тиімділігі бойынша артта емес,- деді Закарья. 
25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Зерттеу аяқталғанын күтпей қазақстандық вакцинаны Асхат Аймағамбетов салдырды. Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazCovid-in вакцинасын күтіп жүргенін айтты. 

25 сәуір  қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі

Айта кетейік, институттың құрылу тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының аяғынан басталып, қалыптасуы мен дамуы тұрғысында екі кезеңнен тұрады. 1956 бастап 1991 жылдар аралығындағы «кеңестік» деп аталды. 1992 жылға дейін Институт КСРО АШМ құрамында болды. Кеңес одағының күйреуі мен ғылыми кадрлардың кетісі АШҒЗИ-ының қызметіне өзгерістер енгізіп, институттың дамуының екінші кезеңіне жол берді. Жаңа реалиялар мен зерттеулердің жаңа бағыттары институт ғалымдары үшін жаңа мақсаттарға алып келді.

Фото: Мұхтар Холдорбеков


Өзгелердің жаңалығы