27 наурызға арналған ауа райы

27 Наурыз 2020, 08:13
1731
Бөлісу:
27 наурызға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз, жұма күні республиканың солтүстігі мен орталығына жауын-шашын түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


27 наурызда ел аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек республиканың солтүстігі мен орталығында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертен Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы