Бас жаңалықтар
28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
03 Сәуiр 2020, 17:25 180

28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстанда 28 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Медицина қызметкерлерінің сырқаттануына қатысты да көптеген сауал қойылып жатыр. Біз бұл деректерді жасырмаймыз. Карантиндік нысандарда жұмыс істеп вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің арасында 28 адам бар. Мұнда коронавирус инфекциясымен күрес бойынша кәсіби міндетін атқару барысында індет жұқтырған мамандарды айтып отырмыз, - деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, барлық деректер бойынша эпидемиолоиялық тергеу жүріп жатыр. Дәрігерлердің коронавирусты жұқтыру себептері немен байланысты екені анықталады. 

Олардың арасында өз туыстарынан немесе жұмыс орнында ауру жұқтырған медициналық мамандардың да бар. Алайда олардың қызметі коронавирустық инфекциямен күреске қатысты емес. Сондықтан бұл топ бөлек бақыланады. Барлық жағдайда да вирус табылған жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Медициналық немесе басқа да еңбек ұжымдары карантинге жіберіледі. Бұған дейін айтылғандай, инфекциялық стационарларда, карантиндік нысандарда вирус жұқтыру қаупі жоғары. Әкімдер барлық шараны қолға алды, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатысты ережелер сақталуы тиіс, - деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандардың арасында 11 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол ауылдық жерлердегі адамдарда "бізге жетпейді" деген бейқамдық бар екенін айтып, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...