29 судья теріс әрекеті үшін жұмыстан шығарылды

26 Ақпан 2020, 19:39
2445
Бөлісу:
29 судья теріс әрекеті үшін жұмыстан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Абай Рахметулин «Қазақстан сот төрелігінің ахуалы, үрдістері мен келешегі туралы» атты жобасын таныстырды. 

Бұл жинақтың мақсаты – сот жұмысын барынша ашық етіп көрсету. Ол 7 тараудан тұрады. Ол жерде сот жұмысы туралық нақты мәліметтер бар. Кадрлық мәселеге тоқталсақ, қазіргі кезде сот жүйесінде 10 пайыз бос орын бар. Бұл судьяларды іріктеу талаптарының қатаңдатуына байланысты. Мысалы, 2018 жылы 29, 2019 жылы 60 үміткер ғана өтті. Біз бұл бағытта жұмысты жолғастырамыз, себебі сот жүйесінде кәсіби, адал азаматтар жұмыс істеуі қажет. Біз өз жинағымызда жағымсыз жағдайларды да қамтимыз. Дерек ретінде айта кетейін, 2019 жылы біз 29 судьяны жұмыстан шығардық, тағы 8-і бойынша Жоғары сот кеңесінің қорытындысы бар, олар да жұмыстан кетеді, - деді Абай Рахметулин.

"Қазақстан сот төрелігінің ахуалы, үрдістері мен келешегі туралы" жиынтығының мәліметі бойынша, 2019 жылы елімізде 90 судья жұмыстан кеткен. Оның 26-сы өз еркімен, 30-ы отставкаға кетуіне байланысты, 3-і зейнетке шыққан, 2-і қайтыс болған және 29-ы теріс әрекеттері үшін шығарылған. 

Былтыр жұмыстан шығарылған судьялардың 15-і "этиканы бұзды" деген себеппен шығарылған. Осыған қоса 7-і заңды өрескел бұзса, тағы 7-і лауазымына сай келмеген. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 72 судья. Олардың 33-ы сөгіс алса, 39-ы ескерту алған. 2019 жылы еліміздің 13 судьясы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 3-і сотталып, 5-інің ісі қазір тергеуде немесе сотта, ал 5 судья бойынша іс тоқтатылған, - делінген Абай Рахметулин таныстырған жиынтықта.
Өзгелердің жаңалығы