Бас жаңалықтар
29 жыл ішінде қанша судья жемқорлықпен ұсталды?
23 Қазан 2020, 18:09 156

29 жыл ішінде қанша судья жемқорлықпен ұсталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Қазақстан судьяларының VIII съезі: құзыреттілік, тәуелсіздік, жауапкершілік» тақырыбында өтіп жатқан онлайн брифинг барысында  ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов айтты.

Тәуелсіздік алғалы бері қанша судья жемқорлық және қаржы жымқыру, сыбайластық айыбымен қызметтен босатылды? Әділетті сот жүйесіне атқарушы биліктің ықпалын болдырмас үшін, осындай кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермес үшін қандай тетік қабылданып жатыр? – деген тілші сұрағына Айдос Сәдуақасов жауап берді.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне уәкілетті орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бар. Мұндай деректер уәкілетті органда болуы керек. Қазір менің қолымда ондай ақпарат жоқ. Бірақ соңғы жылдардағы деректерді айта аламын, - деді ол.

Баспасөз хатшысының мәліметіне сәйкес, 2015 жылы 43 адамға тәртіптік шара қолданылса, 2016 жылы 38 адамға, 2017 жылы 68 судьяға, 2019 жылы 72, 2020 жылдың алты айында 30 судьяға қатысты тәртіптік шара қолданылды.

Нақты қылмыстық іске тартылған, яғни ақша жымқырғаны бойынша ғана емес, сонымен қатар ол жерде көбінесе сот актілерін, сот төрелігін жүзеге асыруда қателіктерге жол бергені және қоғамға қайшы келетін этикалық нормаларды бұзғаны үшін жұмыстан босатылған немесе үстінен іс қозғалған судьялардың саны бар. 2018 жылы 28 судьяның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бұған дейінгі өткен 8 жылдың қосындысынан да көп. Олардың 14-і сотталды, қалғандары жұмыстан босатылды немесе кейбір істер әлі сотқа келген жоқ, тергеуде, - деп атап өтті Айдос Сәдуақасов брифингте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...