Бас жаңалықтар
3 айда жол-көлік оқиғасынан 360-тан астам адам қаза тапқан
19 Сәуiр 2021, 11:21 339

3 айда жол-көлік оқиғасынан 360-тан астам адам қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз жол қауіпсіздігі туралы өткен ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.

Ішкі істер органының статистикасы бойынша соңғы үш айда республикада 2621 жол көлік оқиғасы болған. Оның салдарынан 363 адам қаза тауып, 3605 адам жарақат алған. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда өлім-жітім саны 11,7 пайызға артқан. ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдықты арттыру бойынша төмен тәртібі мен қарама-қарсы жолаққа шығып кетуіне байланысты болып отыр, - деді ол.

Ораздың айтуынша, елде 4 мыңнан астам көлік пайдаланылып жатыр.

Әрбір жүргізуші көлікке отырғанда өзін барынша қауіпсіз сезінгісі келеді. Мамандар ел жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру мәселесін талқылады. «ҚазАвтоЖол» АҚ мен Ішкі істер министрілігі елдің бірқатар салалық ЖОО-да жол қауіпсіздігі мәселесін талқылау бойынша ведомствоаралық отырыс өткізді. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында мамандар Алматы, Жамбыл және ШҚО-да алдыңғы қатарлы тәжірибені пилоттық жобада енгізуді ұсынды. Ол шынайы тәжірибеде сыналып, қазақстандық жолдарға бейімделеді. Оның ішінде ақылды жаяу жүргіншілер жолы мен балмалы жол белгілері, көлемді 3D формат, интерактивті жол белгілері бар. Семинарға қатысушылар бұл бастамаларды қолдады, - деді Нұрділдә Ораз.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...