Бас жаңалықтар
307 жолаушы анықтамасыз келген
07 Наурыз 2021, 11:16 320

307 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасыз 307 жолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен - 1 889, анықтамасыз - 239;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен - 365; анықтамасыз - 68.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 5 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 316 ел азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Фото: дереккөз
Загрузка...