35 миллион теңге жымқырған шенеунік ұсталды

14 Тамыз 2020, 19:24
1979
Бөлісу:
35 миллион теңге жымқырған шенеунік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім бастығы 35 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен "Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтауын ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңге көлеміндегі соманы аудару арқылы бюджеттік қаражатты жымқырды, - дейді Данияр Биғайдаров.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүдделеріне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Жалпы, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 80-нен астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. 12 лауазымды тұлға ұсталды, 10 тұлғаға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - дейді тергеуші.

Өзгелердің жаңалығы